Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова әкімдіктердің жұмысындағы кемшілікті жасанды интеллект арқылы қалай анықтауға болатынын айтты.
– Мысалы, Риддерде кірісі жоқ 141 отбасы бар. Әкімдер осы факторлармен нақты жеке жұмыс істеуі керек. Баспанасыз отбасылардың саны – 166. Әр санның артында белгілі бір отбасы тұр. Сондай-ақ, Риддерде отбасылардың басым бөлігінде зейнетақы жарналарын төлеуші жоқ екенін көруге болады. Бұл бейресми секторда жұмыссыздықтың деңгейі жоғары екенін айтып тұрған болуы мүмкін. Бұл әкімге қай бағыттағы жұмысты жетілдіру керектігін көрсетеді, – деді ол.