
Энергетика министрлігі көмірсутектер саласындағы жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттық міндеттемелерін тексеріп, нәтижесінде 50 млрд теңге көлемінде айыппұл мен берешек анықталды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Оның ішінде 2024 жылға тиесілісі – 19 млрд теңге.
Министрліктің дерегінше, қазіргі таңда 1 млрд теңгеге жуық қаражат өтелді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Бұдан бөлек, биылғы 9 айда жер қойнауын пайдалану бойынша 11 келісімшарттың күші жойылған.
Бүгінде елімізде көмірсутектер саласында барлығы 327 келісімшарт бар: оның 133-і – барлау, 12-сі – дайындық, 182-сі – өндіру бойынша.