Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Жүргізушілерге арналған Telegram-бот іске қосылды

Жүргізушілерге арналған Telegram-бот іске қосылды

Жол пайдаланушыларына қолайлы жағдай жасау мақсатында арнайы Telegram-бот іске қосылды.

Бұл сервис жүргізушілерге жолдағы жағдайды онлайн режимде бақылауға мүмкіндік береді.

ҚазАвтоЖол баспасөз қызметінің мәліметінше, қызметті пайдалану үшін смартфон мен Telegram қосымшасы ғана қажет.

«ҚазАвтоЖол-Бот» арқылы пайдаланушылар республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы қозғалыс жағдайы туралы жедел ақпарат ала алады. Жолдағы жағдайды көру үшін «Камера трансляциясы» батырмасын басып, қажетті жол учаскесін таңдау жеткілікті. Осыдан кейін бот сол жердегі бейнетрансляцияны жіберіп, жолдағы нақты жағдайды көрсетеді.

Сонымен қатар ботта бірнеше қосымша қызметтер де бар. Атап айтқанда:

  • оператормен байланыс;

  • жол ақысын төлеу теңгерімін тексеру;

  • балансты толықтыру;

  • жол бойындағы жанармай құю бекеттері туралы ақпарат;

  • ауа райы мәліметтері.

Мекеме өкілдерінің айтуынша, бұл цифрлық сервис жүргізушілерге сапарын тиімді жоспарлауға, уақытты үнемдеуге және жолдағы қауіпсіздікті арттыруға көмектеседі.

Ұқсас материалдар