Ауыл шаруашылығы санағы басталды
Бүгіннен бастап Қазақстанда Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталды.
Бүгіннен бастап Қазақстанда Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталды.
Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізуге 3,7 млрд теңге сомасында қаржы бөлінді. Бұл туралы ҚР Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев айтты.
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Төрағасының орынбасары Олжас Төлеуов Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізуге дайындық барысы жөнінде кеңес өткізді.
Биыл елімізде араға 18 жыл салып ауыл шаруашылығы санағы өтеді.