Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

1,3 млрд теңге салық төлемеген күдікті Грузиядан экстрадицияланды

1,3 млрд теңге салық төлемеген күдікті Грузиядан экстрадицияланды

Бас прокуратура мен Қаржылық мониторинг агенттігі 1,3 млрд теңге көлемінде салықтан жалтарғаны үшін айыпталған қазақстандық азаматты Грузиядан елге қайтарды.

Тергеу мәліметінше, ол 2023-2024 жылдары Алматыда жалған шот-фактуралар жазып, салық төлеуден қасақана жалтарған. Қылмыстан кейін шетелге қашып, халықаралық іздеуге жарияланған.

2025 жылдың қыркүйегінде Грузияда ұсталып, бүгін Қазақстанға экстрадицияланды. Қазір тергеу изоляторында.

Заң бойынша айып дәлелденсе:

  • 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы,

  • Мүлкі тәркіленуі мүмкін.

Ұқсас материалдар