Айта кетейік, Қазақстанда BYD автокөліктерін сатудың ресми басталуы бір жылға кешікті. BYD ресми дилері құрамына кіретін Astana Motors 2023 жылдың 17 қарашасында Бейжіңде екіжақты келісімге қол қою кезінде сатылым 2024 жылдың басына жоспарланды, деп хабарлаған. Алайда бұдан кейін бірнеше рет кейінге шегерілді. Соңғы рет 29 қазанда өткен Mycar.kz маркетплейсінің тұсаукесерінде Astana Group басшысы 15 желтоқсанда нақты өтеді деген.
«Қазақстанда, барлығы екі жыл бойы күтуде, BYD келеді, деп барлық жерде хабарланып жатыр. Барлығы қашан, деп сұрайды. Міне, сіздер үшін соңғы жаңалық – 15 желтоқсан», - деді Нұрлан Смағұлов.Алайда, 15 желтоқсан күні таныстырымының өткені туралы ақпарат болмады, Astana Group оның себебін де айтпады.
Тек оған дейінгі сұхбаттарының бірінде Нұрлан Смағұлов ресми сатылымның ұзаққа созылуы себебін айтқан еді.
«Неге ұзаққа созылды, мысалы, Өзбекстаннан айырмашылығы, олар қытайлық серификат алады, ал бізде еуропалық сертификат. Көлікті сертификаттап, толық сынақтан өту керек, рұқсат беретін барлық құжаттарды алу еуропалық сапаға сәйкес келеді және бұл өте ұзақ және қажырлы жұмыс», - деген еді Нұрлан Смағұлов.Astana Group басшысы BYD туралы сұхбаттарының барлығында алдымен Song Plus және HAN электрокөліктері, кейін гибридтер, барлығы 10 түрлі көлік сатылымға шығатынын айтады. Қазір byd-auto.kz ресми сайтында үш түрлі көлік: Song Plus EV және OM-i, HAN ұсынылған.
BYD Kazakhstan ресми instagram парақшасының хабарлауынша Астанадағы дилерлік орталық 2025 жылдың ақпан айында ашылады. Көлік бағалары мен жинақтамалары туралы толық ақпарат 15 қаңтардан кейін белгілі болмақ.
Айта кетейік, BYD қазір ресми түрде Өзбекстанда (12 түрлі көлік) және Тәжікстанда (4 түрлі көлік) сатылады.