Өзбекстанда 2021 жылдан бастап интернет-жарнама берушілер саны артқан. 2021 жылы жарнама нарығына салынған инвестиция көлемі 655 миллиард сумды құраса, бір жылдан кейін бұл көрсеткіш 779 миллиардқа дейін өсті. Ал 2023 жылы ол 46 пайызға өсіп 1,14 триллионға жеткен. Бұл туралы marketing.uz жазды.
Онлайн басылымның жазуынша жарнама нарығының айналымының артуына цифрлық құралдарды игере бастаған ірі жарнама берушілердің нарыққа шығуы ықпал етті.
Өткен жылы жалпы өзбекстандық жарнама нарығында ТВ-ның үлесі 63%, интернет 20% (228 млрд. сум) құраған. Сыртқы жарнама электронды жарнамадан төмен және инвестицияның 15%-ын, ал радио жарнамасы 2%-ын ғана алады. Баспасөздегі жарнама бұдан да төмен.
Өзбекстандағы әлеуметтік желілердің аудиториясы 7,5 миллионнан асады.Ең танымалы Instagram (8 миллион қолданушы), Facebook (2,2 миллион қолданушы), ВКонтакте мен Одноклассники сайттарының жалпы аудиториясы 2 миллион қолданушы.
Өткен жылы Өзбекстандағы ең танымал контекстік және онлайн жарнама платформалары төмендегідей болған:
— Telegram (73,4%);
— YouTube (42,7%);
— Instagram (27,4%).
Бүгінгі таңда елдегі e-commerce айналымы шамамен $350 млн құрайды. Жалпы, зерттеу негізінде 2026 жылға қарай Өзбекстандағы онлайн тауар айналымы 1 млрд долларға жетеді деген болжам бар. Мамандар бұл онлайн жарнама нарығына серпіліс әкеледі деп отыр.