Халықаралық валюта қорының Қазақстандағы миссиясының басшысы осындай болжам жасады.
Халықаралық валюта қоры ақпарынша сыртқы жағдай салдары ел экономикасына біршама әсерін тигізіп отыр. Келер жылы экономикада оң динамика қалыптасады деп күтілуде. Ақпан айында 21 пайызға дейін шарықтап кеткен инфляция деңгейі төмендейді.
Сыртқы жағдайдың салқыны қатты әсер етуі мүмкін деген сарапшылар мұнай өндірісі көлемінің төмендеп кетуі ғажап емес деп отыр.
Айта кетсек, биыл Қазақстан экономикасының өсімі айтарлықтай деңгейге жеткен. Жыл соңына қарай көрсеткіш – 4,8% құрап отыр.