Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

2025 жылы қазақстандықтарға 4,2 трлн теңгеден астам зейнетақы төленді

2025 жылы қазақстандықтарға 4,2 трлн теңгеден астам зейнетақы төленді

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 2 млн 491 мың зейнеткерге республикалық бюджеттен 4 трлн 225 млрд теңге көлемінде зейнетақы төленді.

Оның ішінде:

  • 1 трлн 368,4 млрд теңге – базалық зейнетақыға,

  • 2 трлн 856,6 млрд теңге – ынтымақты зейнетақыға бағытталған.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 143 теңгені құрады. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы – 95 549 теңге, базалық зейнетақы – 47 594 теңге.
2025 жылдың басынан бастап базалық зейнетақы 6,5%-ға, ал ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға артты.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері күнкөріс деңгейінің 70%-ына, ал ең жоғарысы 120%-ына дейін кезең-кезеңімен ұлғайтылып келеді.
Осыған байланысты 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 32 360 теңге, ең жоғарысы 50 851 теңге болды.

Бұған қоса, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бюджеттен төленетін зейнетақы 10%-ға өседі. Алдағы жылы базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 35 596 теңге, ең жоғарысы 60 005 теңге деңгейінде белгіленеді.

Айта кетейік, 2018 жылдан бері базалық зейнетақы әр азаматқа еңбек өтіліне қарай жеке тағайындалады. Еңбек өтілі 10 жылдан аспаса, төлем күнкөріс минимумының 70%-ына тең болса, 30 жыл және одан көп өтілі бар азаматтарға 110% көлемінде төленеді.

Ұқсас материалдар