Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

2025 жылы сауда мен инвестициялар ел экономикасының драйвері болды

2025 жылы сауда мен инвестициялар ел экономикасының драйвері болды

Қазақстанда 2025 жылы сауда саласы ел экономикасының өсуіне елеулі үлес қосты.

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің мәлімдеуінше, өткен жылы сауданың нақты көлем индексі 108,9% болып, жалпы экономикалық өсімге 26% үлес қосқан.

Ішкі тауар айналымы 14,6% өсіп, 80 трлн теңгеге жетті. Көтерме сауда 53,5 трлн теңге, бөлшек сауда 26,4 трлн теңге көлемінде орындалған. Инвестициялар көлемі бірден 42% артып, 1 229 млрд теңгеге жеткен, бұл секторға бизнестің сенімінің артуын көрсетеді.

Сыртқы сауда да оң динамика көрсетті: сыртқы тауар айналымы 1,3% өсіп, 143,9 млрд долларға жетсе, шикізаттық емес экспорт 1,2% артты да, 41 млрд долларға жетті. Қызмет көрсету экспорты 3,7% өсті де, 12,3 млрд долларды құрады. Сыртқы сауда балансында оң сальдо 14,2 млрд доллар деңгейінде сақталды.

Министрдің айтуынша, бұл нәтижелер сауданы әртараптандыруға, шикізаттық емес экспортты кеңейтуге және 2026 жылы интеграциялық процестерді күшейтуге берік негіз болып отыр.

Ұқсас материалдар