2026 жылы Қазақстанда бірқатар мемлекеттік ипотека бағдарламалары өз жұмысын жалғастырады.
Негізгі бағыттар – қолжетімді баспана, әлеуметтік топтарды қолдау және тиімді пайыз мөлшерлемелері.
Отбасы банкінің мәліметінше, «Наурыз» бағдарламасы 2031 жылға дейін жұмыс істейді. 2026 жылға өтініш қабылдау алдын ала көктемде басталады.
Шарттары:
-
Пайыздық мөлшерлеме: 9%, әлеуметтік осал тұлғаларға – 7%
-
Бастапқы жарна: 10% (таза әрлеу), 20% (черновой)
-
Несие мерзімі: 19 жылға дейін
-
Қарыз лимиті: Астана және Алматыда – 36 млн тг, өңірлерде – 30 млн тг
Бұл бағдарлама да алдағы алты жыл бойы сақталады. Шарттары «Наурыз» ипотекасымен бірдей, бірақ қатыса алатын тұлғалар шектеулі.
Қатысушылар:
-
өнеркәсіп, транспорт, ауыл шаруашылығы
-
энергетика, су ресурстары саласының қызметкерлері
2026 жылы «7-20-25» бағдарламасы да жұмысын жалғастырады. 5 қаңтарда 25 млрд теңге көлемінде жаңа қаржы бөлінуі жоспарланған.
Негізгі параметрлер:
-
Ставка: 7%
-
Бастапқы жарна: 20%-дан бастап
-
Мерзімі: 25 жылға дейін
-
Лимит:
-
Астана, Алматы, Актау, Атырау, Шымкент және маңайы: 30 млн тг
-
Қарағанды: 25 млн тг
-
Басқа өңірлер: 20 млн тг
-
2025 жылы басталуы жоспарланғанымен, іске аспады. Жобаға қаржыландыру 2026 жылы бөлінуі мүмкін, нақты мерзімі әлі жарияланған жоқ.
Алдын ала ұсынылған шарттар:
-
Ставка: 14,4% → кейін 3,5-5% дейін төмендейді
-
Бастапқы жарна: 15-20%
-
Лимит: 50 млн тг дейін
-
Мерзімі: 25 жылға дейін
-
Тұрғын үйі бар адамдар да қатыса алады
«Жасыл ипотека» да 2026 жылы жалғасады. Бағдарлама экологиялық және энергия тиімді тұрғын үй сатып алушыларға арналған.
Шарттары:
-
Сома: 50 млн тг дейін
-
Бастапқы жарна: 20%, тұрғын үй төлемін алатындарға – 15%
-
Ставка: 12,5% → 3,5-5% дейін төмендейді
-
LEED, BREEAM, ГОСТ Р, OMIR сертификаты бар үй кешендеріне ғана беріледі





