Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

2027 жылдан бастап қарыз алушыларға жаңа шектеу енгізілуі мүмкін

2027 жылдан бастап қарыз алушыларға жаңа шектеу енгізілуі мүмкін

Ұлттық банк 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтар үшін жаңа қарыз лимитін енгізуді жоспарлап отыр.

Жаңа талапқа сәйкес, азаматтың барлық несиесі мен микрокредитінің жалпы көлемі оның жылдық табысынан 8 еседен аспауы тиіс.

Бұл көрсеткіш қарыз алушының барлық өтелмеген берешегін және жаңа рәсімделетін несиесін қоса есептегендегі қарыз жүктемесін анықтайды. Ұлттық банктің мәліметінше, мұндай шектеу халықтың шамадан тыс қарызға батуының алдын алып, банктердің жауапты несие беру саясатын күшейтуге бағытталған.

Қазір бұл жүйе 2024 жылдың тамыз айынан бері мониторинг режимінде қолданылып келеді. Сонымен қатар ипотека, автонесие және кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша бақылау жалғасады, бірақ оларға әзірге жеке лимит енгізілмейді.

Ұлттық банк қажет болған жағдайда несие түрлеріне қарай қосымша шектеулер енгізуі немесе шекті деңгейді қайта қарауы мүмкін екенін мәлімдеді.

Ұқсас материалдар