Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

3 млн азамат несие алудан өз еркімен бас тартты

 3 млн азамат несие алудан өз еркімен бас тартты

Қазақстанда 3 миллионнан астам азамат Egov mobile қосымшасындағы «Стоп кредит» қызметі арқылы өз атына несие ресімдеуге ерікті түрде тыйым салған.

Бұл қызмет алғаш рет іске қосылғанына бір жылдан асты және алаяқтықтан сақтанудың тиімді құралы ретінде танылып отыр.

Қызметті пайдалану үшін азаматтар Egov mobile қосымшасына кіріп, несие алуға тыйым салатын функцияны белсендіреді. Қажет болған жағдайда бұл шектеуді кез келген уақытта алып тастауға болады.

Егер пайдаланушы несие алудан бас тартқанына қарамастан, алаяқтар оның атына несие рәсімдеген жағдайда, банктер бұл несиені сотсыз және тергеусіз есептен шығаруға міндетті.

Ұқсас материалдар