
Абай Серікұлы Қайырбеков Ішкі істер министрінің орынбасары – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.
Бұл туралы Ақорда хабарлады:
«Мемлекет басшысының өкімімен Абай Серікұлы Қайырбеков Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.
Абай Серікұлы Қайырбеков 1998 жылдан бастап Ішкі істер органдарында. Қызметін кәмелетке толмағандар по жөніндегі жедел уәкіл қызметінен бастады . Кейін ҚР ІІМ ведомстволарында түрлі лауазымдарда (соның ішінде жедел) қызмет атқарды. 2011 жылдан бастап ІІМ орталық аппаратында басшылық қызметтер атқарды.