Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Абай Серікұлы ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды

Абай Серікұлы ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды

Абай Серікұлы Қайырбеков  Ішкі істер министрінің орынбасары – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

Бұл туралы Ақорда хабарлады:

«Мемлекет басшысының өкімімен Абай Серікұлы Қайырбеков Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

Абай Серікұлы Қайырбеков 1998 жылдан бастап Ішкі істер органдарында. Қызметін кәмелетке толмағандар по жөніндегі жедел уәкіл қызметінен бастады . Кейін ҚР ІІМ ведомстволарында түрлі лауазымдарда (соның ішінде жедел) қызмет атқарды. 2011 жылдан бастап ІІМ орталық аппаратында басшылық қызметтер атқарды.

Ұқсас материалдар