Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

АЭС-ті Ресей салмайды – Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай

АЭС-ті Ресей салмайды – Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай
Қазақстанда АЭС-ті Ресей салмайды. Бүгін Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай осындай пікір айтты

«Журналистердің қоятын сұрағының 90%-ы АЭС-ке байланысты. Расында қоғамда резонанс тудырып жатқан мәселенің бірі осы. АЭС салса, кім салады? Ресей салса, Мәскеуге кіндігіміз байланып қалмай ма деген алаңдаушылық басым. Өзіміз өңірлерді аралап қайттық қой. Салған күннің өзінде де Ресей сала алмайды. Ондай мүмкіндік берілмейді. Олар реакторларын сыртқа шығара алмайды. Онсыз да санкцияның астында. Оның үстіне МАГАТЭ ұйымының талабы бойынша қазір кез келген АЭС-ті бір мемлекет сала алмайды. Технологиясы озық Франция, Оңтүстік Корея салса, оларға бағынышты болып қалмаймыз ба деп уайымдап жатқандар да бар. Салған күннің өзінде бірнеше мемлекет қосылып салады», деді депутат Мәжілістегі отырыстан кейін видеоүндеуінде.

Оның айтуынша АЭС бүгін-ертең салынайын деп жатқан жоқ. Оның құрылысына кем дегенде 10-15 жыл уақыт кетеді, деген депутат Қазақстан жағдайында ол 20 жылдан кейін салынуі мүмкіндігін де астарлады. 

«Қазір біз ток көздерін алып отырған ТЭЦ-тердің (ЖЭС – ред.) 60%-ға жуығының тозығы жеткен. Бұларды қатар жаңартуымыз керек. Жел бар, ГЭС, күн сәулесін барынша пайдалану үшін Қатар, БАӘ бізге инвестиция құйып жатыр. Болашақта энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізу үшін осыларды қатар дамыту қажет деп есептеймін», – дейді Мақсат Толықбай.


Ұқсас материалдар