АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) жұртшылыққа Proportunity Management Company Limited компаниясының FinTech Lab лицензиясының қолданыс мерзімі 2024 жылғы 1 шілдеде аяқталғандығы туралы хабарлайды.
Proportunity Management Company Limited компаниясының АХҚО-да тіркелген мекенжайы бар. Алайда компанияның өзінің қаржылық қызметтерін, соның ішінде исламдық банктік бизнес пен исламдық қаржыландыруға қатысты қызметтер мен өнімдерді халыққа ұсынуға немесе ілгерілетуге AFSA-ның лицензиясы жоқ.
Алдыңғы ескертумен мына жерден танысуға болады.
АХҚО-да AFSA лицензиялаған компаниялар ғана қаржылық қызмет көрсете алады.
AFSA тұтынушыларға қаржылық қызметтерді ұсынуға тиісті лицензиясы бар, сәйкесінше, тиісті түрде реттелетін АХҚО компанияларымен ғана байланыс жасауға кеңес береді. Тұтынушыларға лицензия мәртебесін AFSA сайтындағы жария тізілімде тексеруге және өздері насихаттайтын немесе жарнамалайтын қызметті жүзеге асыруға AFSA-дан рұқсат алмаған компаниялармен мәміле жасаудан бас тартуға кеңес беріледі.
Анықтама:
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 82 елден 3200-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz