Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қаржы нарығын реттеуші мен AlmaU ынтымақтастық туралы келісім жасасты

Қаржы нарығын реттеуші мен AlmaU ынтымақтастық туралы келісім жасасты

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және Almaty Management University (AlmaU) ынтымақтастық туралы келісім жасасты.

Тиісті құжатқа Агенттік Төрағасының орынбасары Тимур Әбілқасымов пен AlmaU ректоры Гүлнар Куренкеева қол қойды. Тараптар қаржы, ақпараттық технологиялар және тәуекел-менеджмент салаларында білім беру бағдарламаларын бірлесіп іске асыруға уағдаласты.

Ынтымақтастық шеңберінде ғылыми зерттеулер, конференциялар және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру жоспарлануда. AlmaU студенттері мен оқытушыларын қаржы реттеушісінің цифрлық өнімдерді әзірлеп, енгізу міндеттерін шешуге тартуға ерекше назар аударылатын болады.

Қазіргі уақытта Агенттік пен AlmaU бірқатар бірлескен жобаларды жүзеге асыруда. Агенттік Төрағасының орынбасары Тимур Әбілқасымов оларды кейіннен практикада қолданудың жоғары әлеуетін атап өтті.

Келісімге қол қою одан әрі ынтымақтастықты нығайтып, білім беру бағдарламаларын жетілдіруге және білікті мамандарды даярлауға ықпал ететін болады.

Ұқсас материалдар