Айдар Арифханов «Teniz Capital Investment Banking» АҚ Директорлар кеңесіне кірді
Ол қайтадан мемлекеттік қызметке ауысып, ҚР СІМ орынбасары болып тағайындалуына байланысты Директорлар кеңесінен кеткен Әлібек Куантыровтың орнына келді.
Айдар Арифханов Алматы қаласында дүниеге келген, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын және ҚР СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген. 2008 жылы Колумбия университетінде мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алды. Мансап жолында ол ҚР Қаржы министрлігінде бас маман лауазымынан бастап Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне дейін мемлекеттік басқару мен экономикалық саясатта айтарлықтай тәжірибе жинақтады.
Айдар Арифханов 2017 жылдан 2022 жылға дейін «Бәйтерек» ҰБХ АҚ Басқарма Төрағасы қызметін атқарды.
Жаңа өзгеріске сәйкес «Teniz Capital Investment Banking» АҚ Директорлар Кеңесінің Құрамы төмендегідей:
– Хусаинов Галим Абильжанович – Директорлар кеңесінің Төрағасы;
– Занкин Максим Юрьевич – Директорлар кеңесінің мүшесі;
– Арифханов Айдар Абдразахович – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.