Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Айдын Рахымбаев Chocofamily-дағы үлесін сатты  

Айдын Рахымбаев Chocofamily-дағы үлесін сатты  
Кәсіпкер Айдын Рахымбаев 2024 жылдың ақпан айында  Chocofamily Holding-тегі өз үлесін сатқан. Бұл туралы Forbes Kazakhstan жазды. 

Басылымның жазуынша Рахымбаевтың үлесін Chocofamily Holding Ltd. сатып алды. Кәсіпкердің иелігінде 535,9 мың А класындағы акциялар болған, ол үшін 433,2 миллион теңге алған. Бір акцияның номиналдық құны 100 теңге болғанын ескерсек, мәміле жасалған күнгі Ұлттық банктің ресми бағамы бойынша (2024 жылғы 5 ақпандағы доллар бағамы 451,24 теңге) инвестор өз пакетіне шамамен 960 мың доллар алған.

Бизнесменнің өзі бұл туралы пікір білдірмеді. 

Айта кетейік, Айдын Рахымбаев Chocofamily акционерлері қатарына 2019 жылы қосылып, компанияға 5 миллион доллар инвестициялады. Сол тұста Chocofamily негізін қалаушы Рамиль Мухоряпов БАҚ-на берген сұхбатында Рахымбаев жеке қаражатын инвестициялағанын және сол үшін Choco-дағы 10% үлесін алғанын айтқан.

Рахымбаевқа дейін Chocofamily-ге «Demus Capital» ЖШС — 400 мың доллар, Мұрат Абдрахманов — 1 миллион доллар, Тимур Турлов пен Әділ Нұрғожин — 700 миллион теңге салған. 

Қазіргі уақытта холдингке Рамиль Мухоряпов (0,16%) пен Chocofamily Holding Ltd. (99,84%) иелік етеді. Соңғысының акционерлерінің Мухоряпов, Турлов, Абдрахманов және басқалары — барлығы 160 адам, сондай-ақ Choco Capital Partners бар. 

Айта кетейік, қазақстандық бизнесмен, Choco холдингінің басшысы Рамиль Мухоряпов 2022 жылы қазақ тіліне қатысты пікірі үшін қоғам сынына ұшыраған еді. Әлеуметтік желі қолданушылары ауыр сын айтып, Choco-ға тиеселі сервистерден бас тартуға шақырған. Сонымен қатар кешірім сұрауды талап етті. Алматы полициясы іс қозғап, кейін тоқтатылды. Мухоряповтың өзі халықтан кешірім сұрады. 

"Аздап тілді (қазақ тілін - ред.) түсінемін, бірақ жақсы сөйлей алмаймын. Ал енді сөйлеуде үйренүге тырысамын. Еще раз извиняюсь", - деген еді Choco холдингінің иесі. 

Ұқсас материалдар