Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ақша айырбастау орындарында алтын сату тоқтатылды

Ақша айырбастау орындарында алтын сату тоқтатылды

Ұлттық банк өндірістік және логистикалық қиындықтарға байланысты қазір екінші деңгейлі банктер мен айырбас пунктерінде алтын сатуды уақытша тоқтатты.

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов елімізде 19 ақпаннан бастап алтынды шетелге сатуға шектеу қойған еді.

Қазір әлемдік нарықтағы бір унция алтынның құны – 3 330 доллар. Бұндай баға бұрын-соңды болмаған. Сарапшылар мұны Трамп бастаған әлемдік соғыстың өршуімен байланыстырады.

Ал Қазақстанда бір грамм алтынның бағасы 55 мың теңгеден асып кетті. Кейбір ірі банктерде ол 60 мың теңгеден сатылып жатыр. Қаржы ұйымдарының бірінде алтын бағасы соңғы бір жылда 62 пайызға дейін өскен.

Ұқсас материалдар