Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ақылы жолдар табысы 120 млрд теңгеге дейін өседі

Ақылы жолдар табысы 120 млрд теңгеге дейін өседі

Қазақстанда ақылы автомобиль жолдарынан түсетін табыс айтарлықтай ұлғаяды. Бұл туралы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Сенаттағы парламенттік тыңдауда мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, 2025 жылы ақылы жолдардан түскен кіріс 87 млрд теңгені құраған. Ал 2026 жылға жоспар – 120 млрд теңге. Осылайша, бір жыл ішінде түсім шамамен 33 млрд теңгеге артады деп күтілуде.

Ақылы жолдар желісі де кезең-кезеңімен кеңейіп келеді. Былтыр олардың жалпы ұзындығы 4,9 мың шақырым болса, биыл бұл көрсеткішті 6,7 мың шақырымға дейін жеткізу көзделіп отыр. Сонымен қатар жолдардағы көлік ағыны да артып келеді.

Жиналған қаражат жол инфрақұрылымын күтіп ұстауға және бұрын алынған несиелердің пайыздарын өтеуге бағытталады. Министрдің сөзінше, бұл тәсіл бюджетке түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ ведомство басшысы автомобиль транзитін дамыту әлеуеті жоғары екенін атап өтті. Алдағы уақытта өткізу бекеттерін жаңғырту, жаңа инфрақұрылым салу және заманауи технологияларды енгізу жоспарланған. Бұдан бөлек, рұқсат беру жүйесінен кезең-кезеңімен бас тарту қарастырылып отыр.

Бұл шаралар елдің транзиттік мүмкіндігін арттырып, халықаралық көлік дәліздеріндегі бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге бағытталған.

Ұқсас материалдар