Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ақылы жолдарға жаңа төлем тәртібі ұсынылды

Ақылы жолдарға жаңа төлем тәртібі ұсынылды

Республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолдарымен жүру қағидаларына өзгерістер енгізу жөніндегі бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында 26 ақпанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.

Көлік министрлігінің хабарлауынша, құжатта сараланған төлем жүйесін енгізу ұсынылған. Бұл тетік транзиттік шетелдік пайдаланушылар салдарынан жоғары жүктемеге ұшырайтын жолдарды күтіп-ұстау және қалпына келтіру шығындарын өтеуге бағытталған. Сонымен қатар бастама елдің экономикалық мүдделерін қорғауға және халықаралық көлік қатынастарында өзара жауапкершілік қағидатын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қосымша түсетін қаражат жол инфрақұрылымын дамыту мен ұстауға жұмсалмақ.

Айта кетейік, аталған норма Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне, Қазақстан азаматтарына, сондай-ақ ақылы жолдар мәселесі үкіметаралық келісімдерде қарастырылмаған мемлекеттерге қолданылмайды.

Ұқсас материалдар