Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Алматы облысы алғаш рет бюджетке 1 трлн теңгеден астам қаржы түсірді

Алматы облысы алғаш рет бюджетке 1 трлн теңгеден астам қаржы түсірді

2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Алматы облысы тарихында алғаш рет мемлекеттік бюджетке 1 трлн теңгеден көп түсім жинады.

Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,5 млрд теңгеге немесе 11,4%-ға жоғары.

Жергілікті бюджетке түсімдер айтарлықтай өсіп, 566,8 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 98 млрд теңгеге (20,9%) көп. Республикалық бюджетке аударымдар 452,8 млрд теңгеге жетіп, 1,5% өсім көрсетті.

2021 жылмен салыстырғанда жалпы түсім 356,2 млрд теңгеге артқан: республикалық бюджетке – 106,7 млрд, жергілікті бюджетке – 249,4 млрд теңге қосымша түскен.

Өңірдің 2022-2024 жылдардағы түсім динамикасы да тұрақты өсімді көрсетеді:

2022 ж. – 780,1 млрд теңге
2023 ж. – 888,6 млрд теңге
2024 ж. – 997,6 млрд теңге

Ұқсас материалдар