Алматыда 389 мыңнан астам шағын және орта бизнес нысаны тіркелген, олар 899 мың адамды жұмыспен қамтып отыр. Бұл туралы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берік Солтанбаев айтты.
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны - 343 473. Ол республика бойынша жұмыс істеп жатқан ШОБ нысандарының 16,8%-н құрайды. Осылайша қаламыз ел бойынша алғашқы орында, - дейді Берік Солтанбаев.