Алматыда Халықаралық валюта қорының Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия елдеріне арналған өңірлік орталығы құрылатын болды.
Тиісті меморандумды ратификациялау туралы заңды Қазақстан Парламенті Сенатының жалпы отырысында мақұлданды. Құжатқа 2024 жылғы 23 қазанда Вашингтонда қол қойылған.
Сенатор Серік Өтешовтің айтуынша, орталықтың Алматыда орналасуы Қазақстанның өңірдегі қаржылық құзыреттер хабы ретіндегі рөлін күшейтеді және халықаралық беделін арттырады.
Жаңа орталық тоғыз елді қамтып, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруға, бюджеттік жоспарлау, статистика және экономикалық болжамдау салаларын жетілдіруге бағытталады.
Бүгінге дейін орталықтың бағдарламалары аясында 4 мыңнан астам маман оқудан өткен. Оның ішінде 1 370-тен астамы – Қазақстан өкілдері.
Сонымен қатар, жобаның экономикалық тиімділігі де атап өтілді. Алдағы бес жылда орталықты қаржыландыруға бөлінетін 48 млн доллардың басым бөлігі Алматы экономикасында қалып, қызмет көрсету секторына оң әсер етеді.





