Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Алматыда мемлекет меншігін миллиардтаған теңгеге иемденген алаяқ сотталды

Алматыда мемлекет меншігін миллиардтаған теңгеге иемденген алаяқ сотталды

Алматы қаласында А.К. Әбдіжапаровқа қатысты мемлекет меншігіндегі жер телімдерін алаяқтық жолмен иемдену дерегі бойынша айыптау үкімі шығарылды.

Аталған қылмыстық істі ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті жүргізді.

Анықталғандай, Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен уақытша пайдалану құқығы негізінде «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ға Жуков көшесі, 67-учаске (2,3 га) және Жамакаев көшесі, 77-учаске (6,3 га) мекенжайларында орналасқан жер телімдері 5 жыл мерзімге берілген.

Бұрын «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкері болып жұмыс істеген Әбдіжапаров жылжымайтын мүлікті тіркеу жүйесінің қалай жұмыс істейтінін біле отырып, уәкілетті органдарға жер телімдерін уақытша пайдаланудан бас тарту туралы жалған келісімдер мен жер телімдері жеке меншікке берілді деген жалған әкімдік қаулыларын тапсырған.

Ұқсас материалдар