Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Алматыда Project Professionals Summit 2025 саммиті өтеді

Алматыда Project Professionals Summit 2025  саммиті өтеді
2025 жылғы 16 мамырда Алматы қаласындағы AlmaU университетінде Project
Professionals Summit 2025 (PPS3) атты жыл сайынғы саммит өтеді, деп хабарлады PMI Kazakhstan Chapter.

Бұл - Қазақстан мен Орталық Азиядағы жоба басқару саласындағы маңызды оқиға. Іс-шараны ұйымдастырушы - PMI Kazakhstan Chapter, яғни әлемнің 200-ден астам елінде өкілдігі бар жобаларды басқару саласындағы ең ірі халықаралық кәсіби қауымдастық - Project Management Institute (PMI) ұйымының ресми жергілікті бөлімшесі.

Саммит жоба басқару саласындағы жетекші сарапшыларды, практиктерді, бизнес,
мемлекеттік және үкіметтік емес ұйым өкілдерін біріктіреді. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, әлемдік трендтер мен үздік тәжірибелерді талқылайды.
Шақырылған спикерлер арасында: 
• Сильвия Иванчу – PMI Орталық және Шығыс Еуропадағы бөлімшелермен байланыс жөніндегі серіктес
• Юлия Жевно – Шығыс Еуропа бойынша PMI аймақтық менторы
• Астгик Сахакиян – PMI Армения бөлімшесінің президенті
• Әсет Машанов – I’M Restaurants компаниясының бас директоры
• Жұлдыз Сәулебекова – Almaty Air Initiative компаниясының бас директоры
Саммитте  «Әлемдік стандарттарды Қазақстанда қолдану: «қазақстандық ерекше жол» бар ма?» тақырыбында панельдік пікірталас, Жасанды интеллектті жоба басқару саласында қолдану өрісі мен тәсілдері туралы сессиялар, PMP емтиханына дайындық, құрылыс саласындағы PMI-CP стандарты және AIпромпттар бойынша воркшоптар өтеді. 

Сондай-ақ, Ғалым Қалияқбаровтың «Мен жоба басқарғанымды білместен жоба басқарыппын» деген Keynote - сөз сөйлеуі болады. 

Анықтама: Project Professionals Summit 2025 – бұл жоба жетекшілігін дамытуға, халықаралық тәжірибе алмасуға және Қазақстанның осы аймақтағы жоба басқару тәжірибесінің алдыңғы қатарлы орталығы ретіндегі рөлін нығайтуға арналған платформа.

Ұқсас материалдар