Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Алматыда Project Professionals Summit 2025 өтті

Алматыда Project Professionals Summit 2025 өтті
16 мамыр күні AlmaU университетінде жобалық басқару саласындағы мамандарға арналған басты жыл сайынғы форум — Project Professionals Summit 2025 (PPS3) өтті. Шараны  PMI Kazakhstan Chapter ұйымдастырды.
Саммитке Қазақстан мен шетелден келген 200-ден астам кәсіби маман қатысты: жоба жетекшілері, кәсіпкерлер, студенттер мен мемлекеттік құрылым өкілдері. Форумның басты тақырыптары — жобаларды басқарудағы жаһандық трендтер: цифрландыру, стандарттау, қауымдастықтарды дамыту және жасанды интеллектіні күнделікті басқару тәжірибесіне енгізу.
Саммитті PMI Kazakhstan Chapter президенті Азамат Тоимбетов пен AlmaU ректоры Гүлнар Куренкеева ашты. Олар өңірде жобалық мәдениетті дамыту мен халықаралық ынтымақтастықтың маңызын атап өтті.


Фото: arhipov.kz

Форумның шетелдік қонағы, PMI Europe өкілі Сильвия Иванчу, PMI институтының эволюциясының жаңа кезеңі – PMI NEXT стратегиясын таныстырды. Бұл стратегия жастар бастамаларын қолдауға және жаһандық цифрлық трансформацияға бағытталған.

Саммиттің маңызды сессияларының бірі
— «Халықаралық стандарттарды қолдануда Қазақстанның өзіндік жолы бар ма?» атты панельдік пікірталас болды. Оған PMI Armenia Chapter, Freedom Bank, I’M Restaurants және басқа ұйымдардың өкілдері қатысты. Қатысушылар Қазақстанда халықаралық тәжірибені бейімдеу мүмкіндіктерін және елдің мәдени-экономикалық ерекшеліктерін ескерудің қажеттігін талқылады.
Бағдарламаның практикалық бөлігіне:
• agile-методологиялар бойынша воркшоптар,
• PMP сертификаттауына дайындық,
• цифрлық стратегиялар,
• және құрылыс жобаларына арналған PMI CP стандарты бойынша симуляциялық ойын кірді.

Жасанды интеллект тақырыбына да ерекше назар аударылды. Microsoft Kazakhstan компаниясынан Толқын Нұрушева Қазақстан нарығында AI-дың жобалық басқаруда нақты қолданылу мысалдарын ұсынды.
Саммиттің жарқын қорытындысы — стендап-комик Ғалым Қалиақбаровтың өмірлік және кәсіби «жобаларға» ирониялық көзқарасы мен PMI Student Club Kazakhstan-ның ресми ашылу рәсімі болды. Бұл клуб студенттер арасында жобалық ойлауды дамытуға арналған жаңа алаң ретінде құрылды.

Project Professionals Summit Орталық Азиядағы жобалық басқару саласындағы жетекші кәсіби платформа ретіндегі мәртебесін растады. Форум мамандарды, жас кадрларды және бизнесті тиімді, тұрақты және инновациялық жобалар құру жолында біріктірді.

Ұқсас материалдар