Алматыда тұңғыш рет қазақ тілінде «Sana Business Forum» іскери форумы өтуде, деп хабарлайды 7kun.kz.
Ұйымдастырушы, белгілі экономист Мақсат Халықтың айтуынша
форумның басты мақсаты – Үкімет, бизнес және ғылым арасында байланыс орната отырып, ел экономикасының даму мәселелері, сын-қатерлері және мүмкіндіктерін талқылау.
Форумға 50-ден аса сарапшы мен қонақ шақырылған, 300-ге жуық адам қатысуда.
Спикерлерінің қатарында Ұлттық экономика министрлігінен және Ауыл шаруашылық министрлігінін өкілдері бар. Экономист Жақсыбек Құлекеев, «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы– Райымбек Баталов, «Сентрас Иншуранс» сақтандыру компаниясының персонал жөніндегі директоры Айгүл Қуатқызы, «Golden Bridge Partners» серіктестігінің негізін қалаушы және директоры Jańa Post компаниясының негізін қалаушы Болатбек Дәлелханұлы, «QAZHEALTH TRADE» ЖШС директоры Айтуған Мұқашев, SONA lab, Med Progress, Nomad Goldman Logistics, Acvee Finance компанияларының негізін қалаушы Аслан Назаралиев, Америкалық AES корпорациясының Арлингтондағы бас кеңсесінде робототехника мен дрондар жөніндегі бағдарламаның жаһандық жетекшісі Әсел Аяпова және өзге де танымал ғалымдар, кәсіпкерлер, экономистер, сарапшылар қатысуда.
Форум аясындағы панельдік сессияларда шағын және орта бизнестің дамуы, мықты команда құру: бизнестегі тиімділік және нәтижелілік, инновациялар және Data Science сынды тақырыптар талқыланады.
Форумға Tas Group, Trilith Plastic компаниялары мен "Асылтас" қоры қолдау көрсеткен.