Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Алматының бюджеті 3,6 млрд теңгеге қысқарды

Алматының бюджеті 3,6 млрд теңгеге қысқарды

Экономика және қаржы басқармасының басшысы міндетін атқарушы Бауыржан Құдайбергенов нақтыланған қала бюджеті 3,6 млрд теңгеге азайтылып, 2025 жыл үшін бюджет 2 трлн 508,4 млрд теңге болатынын айтты.

«Қаржыландыру көлемін қысқарту туралы шешім нысандарды іске асырудың сапалы аяқталуын қамтамасыз ету қажеттілігінен туындаған. Ең алдымен, мердігер ұйымдарға жүргізілетін тексерулер барысында анықталған барлық ескертулерді нысандарды толық пайдалануға бермей тұрып жоюға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жаңа бастамаларды іске асыруға 16,4 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр», деді ол.

Ведомство басшысының айтуынша, әлеуметтік салаға қосымша 66,1 млрд теңге бағытталды. Білім беру саласына 41,2 млрд теңге қарастырылды. Оның ішінде: 6 мектептің құрылысын бастау және жаңғырту жұмыстары, 8 мектепті сейсмикалық күшейту, 2 балабақшада жөндеу жұмыстарын жалғастыру жоспарланған.

Ал денсаулық сақтау саласына 6,9 млрд теңге бағытталмақ. Бұл қаражат №1 перзентхананың жаңа ғимаратын салуға, №7 клиникалық аурухананы жаңғыртуға, PAKS визуализация жүйесін енгізу және т.б. жұмыстарға жұмсалады.

«Спорт саласын дамытуға 9,6 млрд теңге бөлінеді. Оның ішінде 35 мың орынға заманауи футбол стадионының құрылысы қарастырылған. Құрылыстың бастапқы кезеңінде жергілікті бюджеттен 6 млрд теңге қаржыландыру қажет болады. Сондай-ақ «Медеу» кешенін жаңғырту жұмыстары басталды. Жобаның құны – 28,5 млрд теңге. Биыл жұмыстарды бастау үшін 3 млрд теңге қарастырылды», деді ол.

Ұқсас материалдар