Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Алтын бағасы аздап төмендеді: 1 грамы 68 мың теңгеден асты

Алтын бағасы аздап төмендеді: 1 грамы 68 мың теңгеден асты

Қазақстанда алтынның бағасы бір апта ішінде шамалы төмендеді.

Ұлттық банктің мәліметіне сәйкес, 18 маусымдағы жағдай бойынша бір грамм алтынның құны 68 158,43 теңгені құрады.

Осылайша, өткен аптамен салыстырғанда бағалы металл бағасы 33,82 теңгеге арзандаған. Еске салсақ, 11 маусым күні бір грамм алтын 68 192,25 теңгеден саудаланған болатын.

Сарапшылардың пікірінше, алтын бағасының өзгеруі әлемдік нарықтағы ахуалға, инвесторлардың белсенділігіне және геосаяси факторларға байланысты қалыптасады. Соған қарамастан алтын қауіпсіз инвестициялық құралдардың бірі ретінде өз тартымдылығын сақтап отыр.

Сонымен қатар ғалымдар алтынның ғасырлар бойы неге қараймайтынын анықтады. АҚШ-тағы Тулейн университетінің зерттеушілері жүргізген жаңа ғылыми жұмыс нәтижесінде алтын бетінде ерекше қорғаныс қабаты түзілетіні белгілі болды.

Зерттеу авторларының айтуынша, металл бетіндегі атомдар өздігінен қайта орналасып, оттегімен әрекеттесу ықтималдығын миллиардтаған, тіпті триллиондаған есе төмендетеді. Соның арқасында алтын тотығуға ұшырамай, өзінің бастапқы жылтыры мен сапасын ұзақ уақыт сақтай алады.

Мамандар бұл жаңалық алтынның химиялық тұрақтылығын түсіндіруге ғана емес, болашақта коррозияға төзімді жаңа материалдарды әзірлеуге де жол ашуы мүмкін екенін атап өтті.

Ұқсас материалдар