18 желтоқсанда алтынның әлемдік биржалардағы бағасы тарихи максимумға жетті.
Нью-Йорктегі Comex биржасында алтын фьючерстерінің құны алғаш рет унциясы үшін 4400 доллардан асып түсті.
Астана уақытымен 21:17-дегі сауда барысында алтын бағасы алдыңғы жабылумен салыстырғанда 28,95 долларға немесе 0,66%-ға өсіп, 4 402,85 долларды құрады.
Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметінше, 18 желтоқсанда еліміздегі алтынның бағасы 71 347,99 теңге болды.
Сарапшылар бағаның өсуін АҚШ Федералды резерв жүйесінің алдағы монетарлық саясатына қатысты сигналдармен байланыстырады. ФРС еңбек нарығындағы тәуекелдерге алаңдаушылық білдіріп, 2026 жылы базалық мөлшерлемені төмендетуі мүмкін екенін меңзеген. Бұл алтынға деген сұраныстың артуына әсер етті.





