Жаңалықтар
Америкалықтардың 57 пайызы Трамп саясатын тұрақсыз санайды – Сауалнама нәтижесі

АҚШ азаматтарының шамамен 70 пайызы президент Дональд Трамп енгізген тарифтердің азық-түлік пен күнделікті тұтыну тауарларының қымбаттауына әкеледі деп күтуде.
Бұл туралы Ipsos және Reuters агенттігі жүргізген сауалнама нәтижелері көрсетіп отыр.
Сауалнама қорытындысына сәйкес, америкалықтардың 57%-ы Трамптың экономикалық саясатын тым тұрақсыз деп санайды.
Сауалнамаға қатысқан респонденттердің 70%-ы, оның ішінде 10 демократтың 9-ы және 10 республикашының 6-ы тарифтердің өсуі азық-түлік пен басқа да күнделікті қажеттіліктердің қымбаттауына алып келеді деп есептейді, – деп хабарлайды Reuters.
Зерттеу 11-12 наурыз аралығында 18 жастан асқан 1,4 мыңнан астам америкалықтың қатысуымен жүргізілген.