Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Анар Кукиева Tatler Kazakhstan журналының бас редакторы міндетін атқарады

Анар Кукиева Tatler Kazakhstan журналының бас редакторы міндетін атқарады

Анар Кукиева Tatler Kazakhstan журналының бас редакторы міндетін атқарушы болып тағайындалды. Бұл туралы журнал редакциясы хабарлады. 

Tatler Kazakhstan командасына қосылғаннан кейін Анар Кукиева әлеуметтік редактор қызметін атқарған ол жоғары қоғам хроникасы мен эксклюзивті сұхбат жүргізу, сондай-ақ сән, мәдениет және бизнес әлемінің басты тұлғаларымен байланыс орнату жұмыстарына жетекшілік еткен. 

«Tatler-ді басқару жөніндегі ұсынысты маған берілген мүмкіндік пен тәжірибе деп білемін. Әріптестерімнің маған сенім артқанына ризамын. Біз шынымен де ерекше, жарқын әрі керемет дүние жасай аламыз деп сенемін», – деп атап өтті Анара Кукиева.

Анар Алматыда медицина саласы бойынша білім алып, стоматолог мамандығын игерген. 2011 жылдан бері медиа саласында еңбек етуде.  Ол Tatler-ге дейін fashion және beauty редактор болып, Buro 24/7 жобасында шеф редактор қызметін атқарды. 

Ұқсас материалдар