Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Анти Call-орталықтар 70 мыңнан астам алаяқтық қоңырауды тоқтатты

Анти Call-орталықтар 70 мыңнан астам алаяқтық қоңырауды тоқтатты

Бас прокурор Берік Асылов интернет-алаяқтарға қарсы Анти Call-орталықтардың нәтижесін жариялады.

Бас прокурор интернет-алаяқтарға қарсы іс-қимыл және азаматтарымызды қорғау жөнінде жүйелі жұмыстар жалғасып жатқанын айтты. Оның сөзінше, биыл прокуратура органдары «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп, Астанада алаяқтардың қоңырауларын тоқтатуға және қылмыстар жасалғанға дейін олардың алдын алуға бағытталған Анти Call-орталығы бірегей жобасын іске қосты. Жұмыс басталған сәттен бастап, үш айдан сәл астам уақыт ішінде ықтимал құрбандарға 70 мыңнан астам шетелдік қоңыраулар тоқтатылды.

«Орталық білікті операторлармен жасақталған және прокурорлардың тәулік бойы үйлестіруімен жұмыс істеп жатыр. Нәтижесінде Астанада ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша интернет-алаяқтықтың 22%-ға тұрақты төмендеуі байқалып отыр. Басқаша айтқанда, мыңдаған азаматтар қаржылық шығындар мен алдаудан қорғалған»,  – деп жазды Берік Асылов Х парақшасында.

Сондай-ақ ведомство басшы орталық барлық қазақстандықтарға қатысты қылмыстық алаяқтық әрекет жүргізетін шетелдік колл-орталықтары мен цифрлық құрылғылардың орналасқан жерін анықтауға көмектесіп келе жатқанын алға тартты.

«Ресейдің, Украинаның және Арменияның құқық қорғау органдарымен бірлесіп телефондық алаяқтықпен айналысқан он қылмыстық кеңсе әшкереленіп, олардың қызметі тоқтатылды. Олар 63 қаскүнемді ұстады, бейнені және дауысты ауыстыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету (дипфейк технологиясы) және Қазақстан азаматтарының дербес деректер базасы бар жүздеген арнайы техника тәркіленді», – деді Асылов. 

Берік Асылов атап өткендей, бұл қылмыстардың шегі жоқ, сондықтан оларға қарсы күресте халықаралық өзара іс-қимыл аталған бағытта негізгі құралға айналып отыр. Мәселен, Беларусь Республикасының құқық қорғау органдарымен тығыз өзара іс-қимыл жолға қойылып, олармен бірлескен жедел-тергеу тобы құрылды және қазіргі уақытта Беларусьте басқа елдердің, оның ішінде Қазақстанның азаматтарына қатысты қарсы жұмыс істеген 55 адам жауапқа тартылды. Олардың азаматтарымызға келтірген залал 67 миллион теңгеден астам соманы құрады.

– Менің тапсырмаммен бұл жоба ел бойынша ауқымы кеңейтілді, осыған ұқсас Анти Call-орталықтары «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп басқа да облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар қалаларда құрылып жатыр. Киберқылмысқа қарсы күрес жұмысы жүйелі инновацияларды енгізу арқылы жалғасын табады, – деп түйіндеді бас прокурор.

Ұқсас материалдар