Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

АШМ сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стандартты бекітті

АШМ сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стандартты бекітті

Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік басқарудағы ашықтықты арттыру және парасаттылық мәдениетін дамытуға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стандартты қабылдады.

Құжат «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңды іске асыру аясында әзірленген.

Жаңа стандарт сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін кешенді талдау мен карталауды, мүдделер қақтығысының алдын алуды, мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығын күшейтуді және қоғаммен ашық диалог орнатуды көздейді. Сонымен қатар министрліктің ресми сайтында негізгі жоспарлар мен есептерді жариялау, Қоғамдық кеңестің қатысуын қамтамасыз ету қарастырылған.

Ведомствоның мәліметінше, бұл қадам мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттырып, азаматтар мен бизнес өкілдерінің сенімін нығайтуға бағытталған.

Ұқсас материалдар