Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

​Астана банкінің бұрынғы акционері сырттай 10 жылға сотталды

​Астана банкінің бұрынғы акционері сырттай 10 жылға сотталды

Астана банкі директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы әрі мажоритарлық акционері Олжас Тоқтаров заңсыз қаржылық операциялар үшін сот шешімімен 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар, жалпы сомасы 14 миллиард теңгеден асатын мүлкі тәркіленді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Бигайдаров бұл туралы 22 сәуірде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында өткен сот процесінің қорытындысында хабарлады.

Оған банк қаражатын қызмет көрсету желеуімен жымқыру, Алматыдағы бизнес-орталықтарды заңсыз иеліктен шығару, активтерді бақылауындағы компаниялардың пайдасына аудару айыптары тағылды.

Тәркіленген мүлік:

  • Тұрғын және әкімшілік ғимараттар
  • Өндірістік нысандар
  • Жер учаскелері
  • Бағалы қағаздар
  • Криптовалюталар

Тоқтаровтың қарамағындағы Астана банкінің филиал басшылары мен менеджерлері кінәлі деп танылғанымен, сотпен ынтымақтастық орнатқаны және кінәсін мойындағаны үшін олар бас бостандығынан айырылу жазасынан босатылды.

Антикордың мәліметінше, Тоқтаров қазақстандық құқық қорғау органдарынан жасырынуда. Бұған дейін оған қыркүйек айында БАҚ арқылы жауап алуға шақыру жарияланған.

Ұқсас материалдар