Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Астана форумы: 4,5 млрд теңге кемінде 4,5 млрд доллар боп қайтуы мүмкін

Астана форумы: 4,5 млрд теңге кемінде 4,5 млрд доллар боп қайтуы мүмкін

Астана халықаралық форумының кулуарында іс-шараны өткізуге кеткен шығындар туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров пікір білдірді.

«Менде форумды ұйымдастыруға жұмсалатын қаражаттың нақты саны белгісіз. Сіз 4,5 млрд теңге деп отырсыз. Осы 4,5 млрд теңге жақын арада 4,5 млрд доллар болып қайтуы мүмкін. Әрине, бұл мүмкін. Мен сізге ең кемінде деген есеппен айтып отырмын. Менің пайымымша, одан да артық инвестиция келеді, 7-10 млрд доллар аралығында инвестиция тартуға болады», – деді ол. 

Оның айтуынша, елге ІТ-компаниялардың инвестиция қызығушылығы жоғары.

 – Басталып жатқаны бүгін ғана. Екі күннің ішінде біраз кездесулер, талқылаулар болады. Тіпті кейбірінің нәтижесінде кейін нақты келісімшарттарға қол қойылуы мүмкін. Форум аясында әріптестік орнатуы мүмкін ірі ІТ-компаниялар бар, – деді Әлібек Қуантыров.

Айта кетейік, форумға 7 000-нан астам қатысушы тіркелген. Еуропа, Орталық Азия, Таяу Шығыс пен Африка елінен БҰҰ, ААҰ, ХКҰ және ДЗМҰ сияқты жетекші халықаралық ұйымдардың атынан 160-тан астам спикер шақырылған. Екі күн бойы олар түрлі саланың сарапшыларымен бірлесіп, мемлекетаралық ынтымақтастық моделін, жаңа жаһандық әріптестік құрудың келешегін талқылайды.

Ұқсас материалдар