Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Астанада 60 мыңнан астам тұрғын көлік пен мүлік салығын төлемеген

Астанада 60 мыңнан астам тұрғын көлік пен мүлік салығын төлемеген

 Олардың салық органдары алдындағы жалпы берешегі 3,8 млрд теңгеге жуық.

Бұл туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өкілі Алтынгүл Тоқаева мәлімдеді.

5 наурыздағы жағдай бойынша қалада 60 393 жеке тұлғаның салық берешегі 3 млрд 89 млн теңгені құраған. Оның басым бөлігі көлік салығына тиесілі. Яғни, көлік иелері 2 млрд 750 млн теңге көлемінде салық төлемеген.

Спикердің айтуынша, көлік салығын жеке тұлғалар тұрғылықты жері бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей төлеуі тиіс. Салықты есептеу кезеңі 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жылды қамтиды.

Егер берешек уақытында өтелмесе, салық органы азаматқа хабарлама жібереді. Ал үш айдан астам уақыт өтелмеген және 40 айлық есептік көрсеткіштен асқан қарыз болған жағдайда азаматтың Қазақстаннан тыс жерге шығуына уақытша шектеу қойылуы мүмкін.

Ұқсас материалдар