
Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің ресми сайтында жарияланған құжатта көрсетілген.
Астанадағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионның жаңа ғимараты қайтарылған активтер есебінен бой көтермек. Жаңа стадион құрылысына 17,3 миллиард теңге бөлінген. Жоба мемлекеттік арнайы қор арқылы қаржыландырылатын нысандар тізіміне енгізілген. 2024 жылдың қаңтар айында ескі стадион толықтай бұзылды. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде.
Жаңа спорт кешені үш қабаттан тұрады және 3 600 адамды сыйдыра алады. Стадионның құрылысы 15 мың м² аумақты қамтиды. Қазіргі уақытта жобаны іске асыруға қажетті дайындық жұмыстары басталып кетті. Егер құрылыс белгіленген мерзімде аяқталса, Астана тұрғындары мен қонақтары заманауи, көпфункционалды стадионға қол жеткізеді.