Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Астанада көлік салығын төлеу мерзімі 1 сәуірде аяқталады

Астанада көлік салығын төлеу мерзімі 1 сәуірде аяқталады

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті елорда тұрғындарына көлік салығын 1 сәуірге дейін төлеу қажет екенін ескертті.

Бұл туралы департаменттің өндірістік емес төлемдер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Алтынгүл Тоқаева мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қазақстанның Қазақстан Республикасының Салық кодексі бойынша көлік салығын өз меншігінде салық салу объектісі бар жеке тұлғалар төлейді. Қазақстан аумағында тіркелген немесе есепте тұрған барлық көлік құралдары (тіркемелерді қоспағанда) салық салу объектісі болып саналады.

Спикердің айтуынша, салықты есептеу кезеңі 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жылды қамтиды. Жеке тұлғалар салықты өздері есептеп төлейді, ал салық органдары есепті жылдың соңында төлем сомасын есептеп, салық төлеушілерге хабарлама жібереді.

Егер салық уақытында төленбесе, салық органы борышкерге хабарлама жібереді. Хабарлама алынғаннан кейін берешекті ерікті түрде өтеу үшін 30 жұмыс күні беріледі. Осы мерзімде төлем жасалмаса, берешекті өндіріп алу туралы бұйрық шығарылып, іс сот орындаушыларына жолдануы мүмкін.

Сонымен қатар, үш айдан астам уақыт өтелмеген және 40 айлық есептік көрсеткіштен асқан берешек болған жағдайда азаматтың Қазақстаннан шығуына уақытша шектеу қойылуы мүмкін.

Мамандардың айтуынша, көлік салығын уақытында төлеу берешектің пайда болуын, қосымша шығындар мен сотқа жүгіну жағдайларын болдырмауға мүмкіндік береді.

Ұқсас материалдар