
Жылыой ауданындағы «Қырықмылтық» кен орнынан мұнай өндіріп жатқан «ANACО» компаниясы ауаға ілеспе газды заңсыз шығарған.
Облыстық экология департаменті тексеру нәтижесінде зиянды қалдықтардың таралуы белгіленген нормадан асып кеткенін анықтады.
Мұнай компаниясы экологтардың шешімімен келіспей, алдымен қалалық сотқа, кейін облыстық сотқа шағымданған. Алайда облыстық сот департаменттің талабын заңды деп танып үкімді өзгеріссіз қалдырды.
«АНАКО мекемесіне ҚР ӘҚК 328 бабының 1-бөлігінде көзделген заң бұзушылық іс қозғалып, әкімшілік айыппұл салынды. 897 240 322 теңге сомасында. Қазіргі таңда осы айыппұл өндіру сатысында», – делінген сот таратқан хабарламада.