Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

«Ауыл аманаты» несиелері өз мақсатына жетпеген – Аудит қорытындысы

«Ауыл аманаты» несиелері өз мақсатына жетпеген – Аудит қорытындысы

Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті агроөнеркәсіп кешеніне бөлінген қаражатты тексеру нәтижесінде ірі көлемдегі мақсатсыз пайдалану фактілерін анықтады.

Комитет төрағасы Ержан Мыңжасаровтың мәліметінше, жаңа «пирамидалық аудит» тәсілі арқылы жүргізілген тексеріс 22,8 млрд теңгенің тиімсіз жұмсалғанын көрсеткен.

Атап айтқанда, «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 2 мыңға жуық адам 13 млрд теңге несие алып, оны ауыл шаруашылығына қатысы жоқ бағыттарға пайдаланған. Сонымен қатар кейбір әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар жеңілдетілген бюджет несиелерін фермерлерге беру орнына банктік депозиттерге орналастырып, 2 млрд теңгеге жуық пайыздық табыс тапқан.

Комитет басшысы мұндай әрекеттер мемлекеттік қолдаудың шынайы мұқтаж ауыл шаруашылығы субъектілеріне толық жетуіне кедергі келтіретінін атап өтті. Ол алдағы уақытта бақылауды күшейту және цифрлық талдауды дамыту арқылы заңсыз схемалардың алдын алу жоспарланып отырғанын жеткізді.

Ұқсас материалдар