Алдағы 5 жылдың көлемінде Қазақстанда шетелдік жұмыс күші көбеюі мүмкін. Бұған дейін бізге әдетте қырғыз, өзбек, тәжіктердің жұмысшылары егістіктер мен құрылыс алаңдарында жұмыс істеу үшін келетін. Әрі олардың «жұмысы» маусымдық немесе ары кеткенде 1 жылға дейін созылушы еді. Енді олардың қатарын Ресей, Украина, Белоруссия, Әзірбайжанның жоғары білімді мамандары толықтыруы мүмкін. Олардың дипломсыз гастербайтерлерден айырмашылығы жоғары білімді, басшы қызметтерге келуге әрі ұзақ мерзімге жұмыс істеуге ниетті.
HeadHunter Қазақстан компанияларды зерттеу қызметі осы мәселеге зерттеу жүргізіп, 30 мыңдай түйіндемені қараған. Нәтижесінде Қазақстанға келіп жұмыс істегісі келетін шетелдіктердің 57,8% ресейліктер, 17,3% укриналықтар, 4,5% Өзбекстандықтар, 4% - Беларусиялықтар, 3,4% - Қырғыздар, 2,7% -Әзірбайжан азаматтары. Бұлардың қатарында АҚШ, Армения, Тәжікстан, Түркия, Франция, Индия азаматтары да бар. Олардың 16,2% топ-менеджерлер, 10,5% ақпараттық технологиялар, 9,4% сату, 8,3% өндіріс, 6,7% құрылыс, 6% шикізат өндірісі саласында қызмет етуге ниет білдірген. Сарапшылардың айтуынша жоғары білімді шетелдіктердің Қазақстанға келу ниеті соңғы 2 жылда күрт артқан. Заңды, заңсыз жолдармен еңбек етіп жүргендердің саны ресми статистикадан айтарлықтай көп көрінеді.
Қазақстан шетелдік жұмыс күшіне несімен қызық болып отыр? Біріншіден, ЕАЭО құрылғаннан кейін заң жүзінде Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасынан келген қызметкерлер қазақстанда жұмыс істеуі үшін ешқандай рұқсат қағаз талап етілмейді. Бұл аталған екі елдің мамандарының қызығушылығын тудырғаны анық.
Екіншіден, бұған дейін жұмыс беруші негізінен Ресей мен Украина болатын. Украинадағы жағдайдан кейін ол жақта жұмыс істеп келген шетелдіктер мен жергілікті мамандар жалақысы жоғары, қолайлы жер іздей бастады. Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстандағы саяси, экономикалық жағдай шетелдіктер үшін қолайлы емес. Посткеңестік елдерде бұған ең қолайлы Қазақстан болып отыр. Мұнда жұмыс істеу үшін орыс тілін білу жеткілікті. Мемлекеттік тілді білмесеңіз де, бизнес саласында қызмет етіп қомақты жалақы алуға болады. Еуропа сияқты елдерге бару үшін, тіл білуіңіз және еуропалық нарыққа сай біліктілігіңіз болуы керек. Әрі заң білім мен тәжірибеңіз болса да, Қазақстандағыдай бірден топ-менеджердің қатарына қосыла кетуге мүмкіндік бермейді.
Үшіншіден, Қазақстанда кәсіби біліктілігі жоғары мамандар тапшы, сұраныс бар. Әрі жердің кеңдігі, халық санының аздығын тағы қосыңыз.
Бұдан қазақстандық еңбек нарығы өзгеруі мүмкін ба? Экономикалық жағын білмеймін, бірақ сарапшылар елдегі ресми тілдің ықпалы күшейе түсуі мүмкіндігін айтады. Өйткені сырттан келетін жұмыс күшінің тілі орыс тілі болғандықтан ықпалы күшейе түседі. Жергілікті мамандар бәсекеге қабілетті болмай, бизнестегі негізгі орындар шетелдіктерге берілуі мүмкін. Қазірдің өзінде орыс тілін білмегендіктен жергілікті қазақ тілді мамандарға бизнестегі жоғары лауазымдар бұйырмайды. Бизнестегі лауазымды қызметтерге орналасқан шетелдіктер командасына отандастарын шақыруы мүмкін. Тамыр-таныстық тек қазақстанда ғана емес, посткеңестік елдердің барлығында бар нәрсе. Қазақстандағы заңның солқылдақтығы мен жемқорлық бұған мүмкіндік беруі әбден мүмкін. Шетелдіктердің инвестиция салу үшін емес, жан бағу үшін келе жатқанын естен шығармаған дұрыс. Бұл ретте жергілікті мамандардың мүмкіндігінің артуына көбірек ықпал ету керек сияқты. Бірақ, оны бизнес
Алайда, қаржы дағдарысы бұл мәселеге уақытша тоқтам салуы мүмкін. Қаржы көздері азаюда. Мұндайда көпшілік компаниялар шетелден маман алдырмақ түгілі шығынын қысқартып, бар қызметкерін ықшамдауға тырысады. Шетелдік маманды дағдарысқа қарсы күш ретінде алдыратындар сирек. Оның үстіне жақын шетелден келетін мамандардың мықтылары Қазақстандық нарыққа келуге ниетті еместігі, Еуропа асатыны түсінікті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024