Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Азия даму банкі Қазақстанға 5,5 млрд доллар инвестиция салмақ

Азия даму банкі Қазақстанға 5,5 млрд доллар инвестиция салмақ

Азия даму банкі Қазақстанда 2026-2029 жылдары жалпы құны 5,5 млрд доллар болатын 15 жобаны іске асыруды жоспарлап отыр.

Бұл туралы Ерлан Ақкенженов Астанада өткен өңірлік экологиялық саммит аясында банктің бас директоры Евгений Жуковпен кездесуі барысында белгілі болды.

Келіссөздер нәтижесінде тараптар тиісті меморандумға қол қойып, энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге уағдаласты.

Жобалардың негізгі бағыты – жылумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту. Бұл ретте 2024 жылы қабылданған «Жылу энергетикасы туралы» заң саланы дамытуға жаңа серпін бергені атап өтілді.

Сонымен қатар, тараптар:
– өңірлік жылу жүйелерін жаңарту;
– энергия тиімділігін арттыру;
– электр желілерін дамыту;
– Smart Grid технологияларын енгізу;
– жаңартылатын энергия көздерін қолдау бағыттарын талқылады.

Декарбонизация мәселесі де назардан тыс қалмады. Атап айтқанда, газ шешімдері, энергияны жинақтау жүйелері мен цифрлық басқару технологияларын енгізу жоспарланып отыр.

Тараптар инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруды кеңейтуге, жеке инвестиция тартуға және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытуға мүдделі екенін жеткізді.

Кездесу қорытындысында Қазақстан мен Азия даму банкі стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін растады.

Ұқсас материалдар