Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Азық-түлік өнімдерін өңдейтін кәсіпорындарды қаржыландыру басталды

Азық-түлік өнімдерін өңдейтін кәсіпорындарды қаржыландыру басталды

«Аграрлық несие корпорациясы» азық-түлік өнімдерін өндіру және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарын қаржыландыруды бастады, деп хабарлайды корпорацияның баспасөз қызметі.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – айналым капиталын толықтыру үшін жеңілдетілген шарттармен несие қаражатын ұсыну арқылы кәсіпорындарды қолдау.

Жобадағы ең басты қойылатын талаптардың бірі – шикізат тек отандық өндірушілерден сатып алынуы керек.

Бағдарламаға ет, сүт, майлы дақылдарды, жүнді өңдеу, ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жем, жарма, макарон және кондитерлік өнімдерді өндіру сияқты бағыттар бойынша азық-түлік өнімдерін өндіретін немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындар қатыса алады.

Қаржыландыруды шарттары:

Қаржыландыру сомасы – 3 млрд теңгеге дейін (бағытына қарай);

Несие мерзімі – 2026 жылдың 10 наурызына дейін;

Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 5% (ЖТСМ жылдық 5%-дан бастап);

Кепілмен қамтамасыз ету – Аграрлық несие корпорациясының кепіл саясатының талаптарына сай келетін мүлік.

Кеңес алу үшін және өтінім беру үшін корпорацияның әр облыстағы филиалына жүгіну қажет.

Ұқсас материалдар