«Аграрлық несие корпорациясы» азық-түлік өнімдерін өндіру және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарын қаржыландыруды бастады, деп хабарлайды корпорацияның баспасөз қызметі.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – айналым капиталын толықтыру үшін жеңілдетілген шарттармен несие қаражатын ұсыну арқылы кәсіпорындарды қолдау.
Жобадағы ең басты қойылатын талаптардың бірі – шикізат тек отандық өндірушілерден сатып алынуы керек.
Бағдарламаға ет, сүт, майлы дақылдарды, жүнді өңдеу, ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жем, жарма, макарон және кондитерлік өнімдерді өндіру сияқты бағыттар бойынша азық-түлік өнімдерін өндіретін немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындар қатыса алады.
Қаржыландыруды шарттары:
Қаржыландыру сомасы – 3 млрд теңгеге дейін (бағытына қарай);
Несие мерзімі – 2026 жылдың 10 наурызына дейін;
Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 5% (ЖТСМ жылдық 5%-дан бастап);
Кепілмен қамтамасыз ету – Аграрлық несие корпорациясының кепіл саясатының талаптарына сай келетін мүлік.
Кеңес алу үшін және өтінім беру үшін корпорацияның әр облыстағы филиалына жүгіну қажет.
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 сентября, 2026





