Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Банк ЦентрКредит банкоматтарында АҚШ долларымен операцияларды уақытша тоқтатты

Банк ЦентрКредит банкоматтарында АҚШ долларымен операцияларды уақытша тоқтатты
Еліміздегі ең ірі банктердің бірі - Банк ЦентрКредит банкоматтарында АҚШ долларымен операцияларды уақытша тоқтатты. Бұл туралы банк ресми сайтында хабарлады.  

"Банк ЦентрКредит банкоматтарында АҚШ долларымен ақша алу, толықтыру және айырбастау операциялары уақытша қолжетімсіз екенін хабарлаймыз. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңызға рақмет", делінген ақпаратта.

Алайда мұның ресми себебі айтылмаған. Тек операциялар 2025 жылдың 15 қаңтарға дейін қайта іске қосылады деп жоспарлауда. 

БЦК активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы үшінші банк болып табылады. 
2025 жылдың қаңтарындағы жағдай бойынша банктің бақылаушы акционерлері   Бақытбек Байсейітов (40,11%) және Владислав Ли (9,23%).  


Ұқсас материалдар