Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Банктер нақты секторды қаржыландыруға енжар – Дания Еспаева

 Банктер нақты секторды қаржыландыруға енжар – Дания Еспаева

Мәжіліс төрағасының орынбасары Дания Еспаева банк саласындағы басты мәселелердің бірі – нақты секторды қаржыландыру деңгейінің төмендігі екенін айтты.

Бұл туралы ол Мәжілісте банк қызметіне қатысты жаңа заң жобасын таныстыру барысында мәлімдеді.

Депутаттың сөзінше, екінші деңгейлі банктер өндіріс, ауыл шаруашылығы сияқты нақты секторларға несие беруге аса құлықсыз. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің мәліметіне сүйенсек, 2024 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар 19,4 трлн теңгені құраған. Соның ішінде банктер берген несиелердің үлесі небәрі 3,8% немесе 741 млрд теңге болған.

«Соңғы он жылда банктерден алынатын несиенің үлесі үш есе азайып, 31%-дан 10%-ға дейін төмендеген. Бұл – банктердің нақты секторға қаржылық қолдау көрсетуден алыстап кеткенін көрсетеді», – деді Еспаева.

Сонымен қатар, депутат банк жүйесін реформалауға бағытталған жаңа заң жобасында келесідей өзгерістер қарастырылғанын айтты:

  • нарыққа жаңа қатысушыларды тарту арқылы бәсекелестікті күшейту;

  • цифрлық активтер айналымын ырықтандыру;

  • қаржы технологияларын дамыту;

  • қарыз алушылардың құқықтарын қорғау және банктердің жауапкершілігін арттыру.

Еспаева соңғы бес жылда «Банктер туралы» заңға 31 рет өзгеріс енгізілгенін, ал қазіргі Мәжіліс шақырылымы аясында 800-ден астам түзету қабылданғанын атап өтті.

Ұқсас материалдар